Sony

BRAVIA

i-Manual

  • Қағазға басып шығару
  • Қаріп өлшемі
  • Негізгі әрекеттер
  • Бөліктердің сипаттамасы
  • ТД қарау
  • Фильмдер/Музыка/Фотосуреттер пайдалану
  • Интернет қызметтері мен бағ-ды пайдалану
  • Алыс және жақын достарыңызбен ТД көру
  • Басқа құрылғыларды пайдалану
  • BRAVIA Sync құрылғыларын пайдалану
  • Пайдалы функциялар
  • Интернетке қосылу
  • Үй желісін пайдалану
  • Әр түрлі параметрлерді теңшеу
  • Ақаулықтарды жою
  • Бетбелгілерді пайдалану әдісі
  • Бастапқы бет >
  • Үй желісін пайдалану >
  • Смартф-ды/планш-ті пульт рет-е қол-у

Бастапқы бет > Мазмұны > Үй желісін пайдалану > Смартф-ды/планш-ті пульт рет-е қол-у

Смартф-ды/планш-ті пульт рет-е қол-у

Шолу

Теледидарды «TV SideView» бағдарламасы орнатылған мобильді құрылғының (смартфон немесе планшет сияқты) сенсорлық панелінен басқаруыңызға болады. Ұялы телефонды ТД-дың қашықтан басқару пульті ретінде пайдалану үшін оны ТД-ға қашықтан басқару құрылғысы ретінде тіркеңіз. (Тіркеу бірінші рет үшін ғана қажет.)

«TV SideView» қолданбасы орнатылған тасымалы құрылғыда жасауға болатын әрекет түрлері

  • Іске қосу және ТД қашықтан басқару пульті ретінде басқару
  • Мобильді құрылғының пернетақтасын пайдаланып мәтінді енгізу

«TV SideView» бағдарламасы туралы толық ақпарат алу үшін келесі веб-сайтты қараңыз:
http://info.tvsideview.sony.net
«TV SideView» бағдарламасын қалай пайдалану туралы толық ақпарат алу үшін бағдарлама анықтамасын қараңыз.

Кеңестер

  • «TV SideView» бағдарламаны мына жерден іздеуге және жүктеуге болады:
  • - Google Play (Android операциялық жүйесі үшін)
  • - App Store (iOS операциялық жүйесі үшін)

Қадамдар

  1. ТД-ды «Интернетке қосылу» ішіндегі қадамдарды орындап, үй желісіне қосыңыз

    Тақырыптар тізіміне өту үшін түймесін басыңыз. Содан кейін, мәліметтер алу мақсатында «Интернетке қосылу» тармағына өту үшін түймесін қайта басыңыз.
    (Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде тачпадты басыңыз. Кейін мәліметтер алу мақсатында «Интернетке қосылу» бетіне өту үшін тачпадты қайта басыңыз.)

  2. Ұялы телефонды/компьютерді ТД қосылған үй желісіне қосыңыз.

  3. Мобильді құрылғыдағы «TV SideView» бағдарламаны іске қосып, үй желісіндегі немесе қол жетімді Wi-Fi Direct құрылғылардағы теледидарды іздеңіз.

    Тасымалы құрылғыда анықталған құрылғылар тізімі пайда болады.

  4. Анықталған құрылғылар тізімінде теледидарды таңдап, қажет әрекетті құрылғыда орындаңыз.

Өзара тіркеу (жоғарыдағы қадамдар) тек бірінші уақытта керек.

Кеңестер

  • «TV SideView» бағдарламасын теледидарға Wi-Fi Direct арқылы да жалғауға болады. [Реттеулер] → [Желі] → [Wi-Fi Direct] → [Қосулы] таңдау арқылы теледидардың Wi-Fi Direct функциясын қосып, [Реттеулер] → [Желі] → [Wi-Fi Direct реттеулері] таңдау арқылы теледидардың [Wi-Fi Direct реттеулері] бетін шарлаңыз.

Мобильді құрылғыңызда «TV SideView» ішінен теледидарды қосу үшін

HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Желі] → [Үй желісін орнату] → [Қашықтан іске қосу] → [Қосулы] тармағын таңдаңыз.
[Қосулы] ретінде реттелсе, күту режим.

Ескертпелер

  • [Қашық. басқару құрыл. / Renderer] [Қосулы] параметріне орнатылғанын тексеріңіз. Орнатымды растау үшін HOME түймешігін басып, [Реттеулер] → [Желі] → [Үй желісін орнату] → [Қашық. басқару құрыл. / Renderer] → [Қашық. басқару құрыл. / Renderer] таңдаңыз.
  • «TV SideView» аты мен қол жетімді функциялары өзгеруі мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Мазмұны
© 2014 Sony Corporation