Sony

BRAVIA

i-Manual

  • Қағазға басып шығару
  • Қаріп өлшемі
  • Негізгі әрекеттер
  • Бөліктердің сипаттамасы
  • ТД қарау
  • Фильмдер/Музыка/Фотосуреттер пайдалану
  • Интернет қызметтері мен бағ-ды пайдалану
  • Алыс және жақын достарыңызбен ТД көру
  • Басқа құрылғыларды пайдалану
  • BRAVIA Sync құрылғыларын пайдалану
  • Пайдалы функциялар
  • Интернетке қосылу
  • Үй желісін пайдалану
  • Әр түрлі параметрлерді теңшеу
  • Ақаулықтарды жою
  • Бетбелгілерді пайдалану әдісі
  • Бастапқы бет >
  • Үй желісін пайдалану >
  • Фотосуреттерді бөлісу

Бастапқы бет > Мазмұны > Үй желісін пайдалану > Фотосуреттерді бөлісу

Фотосуреттерді бөлісу

Шолу

ТД айналасына отбасыңыз немесе достарыңызбен жиналып, смартфондарыңызды/планшеттеріңізді ТД-ға қосыңыз және үлкен ТД экранында таңдаулы суреттеріңізді көріңіз. Сонымен қатар, біреудің смартфоны/планшетіндегі фотосурет ұнайтын болса, фотосуретті құрылғыңызға көшіруге болады.

Қадамдар

  1. HOME түймесін басып, [Қолданбалар] → [Фотосуретті бөлісу] тармағын таңдаңыз.

    Смартфоныңызды/планшетіңізді ТД-ға қосу қадамтарымен таныстыру ақпараты пайда болады.

  2. Қадамдарды бастау үшін түймесін басыңыз (немесе Тачпады бар қашықтан басқару құралындағы тачпадты басыңыз).

  3. Әрбір смартфон/планшетті ТД-ға қосу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

  4. Барлық қосылымдар орнатылғаннан кейін, басыңыз.

    (Тачпады бар қашықтан басқару құралын пайдалану кезінде оңға сырғытыңыз.)

  5. Смартфон/планшеттегі веб-браузерді ашып, ТД экранында көрсетілген URL мекенжайына кіру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

  6. Фотосуретті теледидарда көрсету үшін смартфондағы/планшеттегі [Бастау] түймесін түртіп, белгішесін түртіп, смартфондағы/планшеттегі фотосуретті таңдаңыз, содан соң белгішесін түртіңіз. Фотосурет теледидар экранында пайда болады және оның нобайы әрбір смартфонда/планшетте көрсетіледі.

  7. ТД-да көрсетілген фотосуретті сақтау үшін оның смартфон/планшеттегі нобайын түртіп, контекст мәзірін ашу үшін фотосуретті түртіп ұстап тұрыңыз. Фотосуретті сақтау үшін [Сақтау] пәрменін таңдаңыз. Теледидар экранында фотосуреттерді қайта көру үшін белгішесін түртуіңізге болады.

Ескертпелер

  • Нобай журналы 5 фотосуретке дейін сақтайды. 55 фотосуретке дейін сақтау үшін USB флэш-жадын ТД-ға қосуыңызға болады.
    Фотосуретті бөлісу қолданбасын пайдалану кезінде USB жад құрылғысын ажыратпаңыз. Кері жағдайда жадтағы деректер зақымдалуы мүмкін.
  • Теледидар сымсыз маршрутизаторға (немесе кіру нүктесіне) қосылу үшін 5 ГГц пайдаланса, Фотосуретті бөлісу басталған кезде байланыс ажыратылады.
  • Бір уақытта теледидарға 10 смартфонға/планшетке дейін жалғауға болады. 10 құрылғы бұрыннан қосылған кезде басқа құрылғыны қосу үшін қажетсіз құрылғыны ажыратып, құрылғыны қосыңыз.
  • Android 2.3 немесе кейінгі нұсқасына арналған әдепкі браузерді қолдайды.
  • iOS жүйесіне арналған әдепкі шолғышқа қолдау көрсетіледі; алайда iOS жүйесінің нұсқасына байланысты кейбір функциялар қолжетімді болмауы мүмкін.
  • Фотосуреттердің ең үлкен файлдық өлшемі 10 Мбайт.

Беттің жоғарғы жағы

Мазмұны
© 2014 Sony Corporation