Sony

BRAVIA

i-Manual

  • Қағазға басып шығару
  • Қаріп өлшемі
  • Негізгі әрекеттер
  • Бөліктердің сипаттамасы
  • ТД қарау
  • Фильмдер/Музыка/Фотосуреттер пайдалану
  • Интернет қызметтері мен бағ-ды пайдалану
  • Алыс және жақын достарыңызбен ТД көру
  • Басқа құрылғыларды пайдалану
  • BRAVIA Sync құрылғыларын пайдалану
  • Пайдалы функциялар
  • Интернетке қосылу
  • Үй желісін пайдалану
  • Әр түрлі параметрлерді теңшеу
  • Ақаулықтарды жою
  • Бетбелгілерді пайдалану әдісі
  • Бастапқы бет >
  • Ақаулықтарды жою >
  • Таратылым қаб-у белгі-рі

Бастапқы бет > Ақаулықтарды жою > Таратылым қаб-у белгі-рі

Таратылым қаб-у белгі-рі

  • ТД қабылдаудың ақаулығын жою үшін мына нәрселерді тексеріңіз.
  • Қосымша немесе қос бейнелер пайда болады.
  • Экранда тек қар іспеттес кедергі немесе қара сурет пайда болады.
  • ТД арнасын қарағанда сурет немесе дыбыс шуы бар.
  • Кедергілері бар сурет.
  • Кейбір арналар бос.
  • Жердегі сандық таратылымдар арқылы нашар қабылдау немесе суреттің нашар сапасы.
  • Сандық арналарды көре алмайсыз.
  • Жерсерік таратылымдары арқылы нашар қабылдау немесе суреттің нашар сапасы. (Тек жерсерікке үй-ді модельдер)
  • Жерсерік арналарын көре алмайсыз. (Жерсерікпен үйлесімді модельдер ғана)
  • Арналар түгел реттелмеген.

ТД қабылдаудың ақаулығын жою үшін мына нәрселерді тексеріңіз.

  • Антенна кабелі ТД-ға бекем қосылғандығын тексеріңіз.
  • - Антенна кабелі жойылмағандығына немесе ажыратылмағандығына көз жеткізіңіз.
  • - Антенна кабелі коннекторының орталық өткізгіші майыспағандығын тексеріңіз.

Қосымша немесе қос бейнелер пайда болады.

  • Кабель немесе антенна қосылымдарын тексеріңіз.
  • Антеннаның орны мен бағытын тексеріңіз.
  • [Motionflow] параметрін [Стандарт] немесе [Өшірулі] деп орнатыңыз. ([Motionflow] үйлесімді модельдер үшін ғана.)

Экранда тек қар іспеттес кедергі немесе қара сурет пайда болады.

  • Автотюнингтің орындалған-орындалмағанын тексеріңіз.
  • Антенна бұзылған немесе бүгілген бе, соны тексеріңіз.
  • Антенна қызмет көрсету мерзімінің соңына жетті ме, соны тексеріңіз (қалыпты пайдалану үшін 3-5 жыл, теңіз жағалауындағы орында 1-2 жыл).

ТД арнасын қарағанда сурет немесе дыбыс шуы бар.

  • Сурет қабылдауды жақсарту үшін [Fine Tune]/[АДТ] орындаңыз. (Опция аты аймаққа/елге байланысты өзгеріп отырады.)
  • Аналогтық режимде қабылданатын дыбыстың сапасын жақсарту үшін [Аудио сүзгіші] параметрін [Өшірулі], [Төмен] немесе [Жоғары] күйіне қойыңыз. (Аймаққа/елге байланытты [Аудио сүзгіші] қол жетімді болмауы мүмкін.)
  • Суреттің қабылдануын жақсарту үшін [LNA] параметрін [Өшірулі] күйіне қойыңыз. (Жағдайға/аймаққа/елге байланысты [LNA] функциясы ұсынылмауы мүмкін.)

Кедергілері бар сурет.

  • Антенна 75 Омдық коаксиалды кабельмен қосылғанын тексеріңіз.
  • Антенна кабелін басқа қосатын кабельдерден ары ұстаңыз.
  • ТД кедергілерін болдырмау үшін зақымдалмаған антенна кабелін пайдаланыңыз.

Кейбір арналар бос.

  • Бұл арна кодталған/жазылым қызметіне ғана арналған. Ақылы ТД қызметіне жазылыңыз.
  • Бұл арна тек деректер үшін пайдаланылады (сурет немесе дыбыс емес).
  • Тасымалдау туралы мәліметтер алу үшін таратушыға хабарласыңыз.

Жердегі сандық таратылымдар арқылы нашар қабылдау немесе суреттің нашар сапасы.

  • Антенна сигнал деңгейін барыншы күшейту үшін жердегі теледидар антеннасының орнын, бағытын және бұрышын өзгертіңіз. Антенна бағытының байқаусыз өзгертілмегендігін (жел соғу арқылы) тексеріңіз.
  • ТД сигнал күшейткішін пайдалансаңыз, сигнал күшеюін реттеңіз.
  • Жабдық (ТД сигнал таратқышы сияқты) антенна мен ТД арасында қосылған болса, ол ТД қабылдауға әсер етуі мүмкін. Қабылдаудың жақсарғандығын тексеру үшін антенна мен ТД тікелей қосыңыз.

Сандық арналарды көре алмайсыз.

  • Жергілікті орнатушыдан аймағыңызда сандық таратылымдар қамтамасыз етілген бе, соны сұраңыз.
  • Күшейтуі жоғарырақ антеннаға жаңартыңыз.

Жерсерік таратылымдары арқылы нашар қабылдау немесе суреттің нашар сапасы. (Тек жерсерікке үй-ді модельдер)

  • Нашар ауа райы жағдайлары жерсерік таратылым жүйесіне әсер етуі мүмкін. Ауа райының жақсаруын күтіңіз.

Жерсерік арналарын көре алмайсыз. (Жерсерікпен үйлесімді модельдер ғана)

  • Жергілікті орнатушыдан аймағыңызда жерсерік қызметтері қамтамасыз етіле ме, соны сұраңыз.
  • LNB құрылғыңыз бен параметрлерді тексеріңіз.

Арналар түгел реттелмеген.

  • [Бағд. алғашқы қол баптауы] ішіндегі параметрлерді теңшеу арқылы арналарды қолмен алдын ала орнатып көріңіз. (Аймаққа/елге/жағдайға байланысты [Бағд. алғашқы қол баптауы] және оның опцияларының қол жетімділігі өзгеріп отыруы мүмкін.)

Беттің жоғарғы жағы

Мазмұны
© 2014 Sony Corporation