Sony

BRAVIA

i-Manual

  • Қағазға басып шығару
  • Қаріп өлшемі
  • Негізгі әрекеттер
  • Бөліктердің сипаттамасы
  • ТД қарау
  • Фильмдер/Музыка/Фотосуреттер пайдалану
  • Интернет қызметтері мен бағ-ды пайдалану
  • Алыс және жақын достарыңызбен ТД көру
  • Басқа құрылғыларды пайдалану
  • BRAVIA Sync құрылғыларын пайдалану
  • Пайдалы функциялар
  • Интернетке қосылу
  • Үй желісін пайдалану
  • Әр түрлі параметрлерді теңшеу
  • Ақаулықтарды жою
  • Бетбелгілерді пайдалану әдісі
  • Бастапқы бет >
  • Басқа құрылғыларды пайдалану >
  • Бастапқы орнатуды орындау

Бастапқы бет > Басқа құрылғыларды пайдалану > USB HDD жазып алу құрылғысы > Бастапқы орнатуды орындау

Бастапқы орнатуды орындау

Байланыстыру

Сыртқы USB HDD құрылғысын ТД-ға қосып, сандық таратылым жазбасын тамашалаңыз. Егер ТД-дың екі немесе бірнеше USB порты бар болса, USB HDD құрылғысын «HDD REC.» белгісі бар портқа жалғаңыз.

Қадамдар

  1. HOME түймесін басып, [Реттеулер] тармағын таңдаңыз.

  2. [Жүйелік реттеулер] → [Жазуды орнату] → [HDD тіркеуі] тармағына өтіңіз.

  3. USB HDD құрылғысын тіркеу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

USB құрылғысын тіркеуден шығару

Тіркеуден алып тастау үшін HOME түймешігін басып, [Реттеулер] → [Жүйелік реттеулер] → [Жазуды орнату] → [HDD тіркеуден шығару] → құрылғыны таңдаңыз.

Ескертпелер

  • 32 ГБ артық USB HDD сыйымдылықтарына қолдау көрсетіледі.
  • USB HDD құрылғысын USB хаб арқылы қосуға қолдау көрсетілмейді. Құрылғыны тікелей ТД-ға қосыңыз.
  • Тіркеу барысында пішімдегенде, USB HDD құрылғысындағы барлық деректер өшіріледі. ТД-ға тіркегеннен кейін USB HDD құрылғыны компьютерде пайдалану мүмкін емес. USB HDD құрылғыны компьютерде пайдалану мүмкіндігін қосу үшін оны компьютерде пішімдеңіз. (USB HDD құрылғысындағы барлық деректер өшірілетінін ескеріңіз).
  • Ең көбі 8 USB HDD құрылғыларын тіркеуге болады.
  • USB HDD құрылғысына жазылған деректерді тек осы ТД ойната алады.
  • Жазып алуға сандық ТД таратылымы үшін ғана қолдау көрсетіледі. Деректердің таратылымдарын немесе радионы жазып алуға қолдау көрсетілмейді.
  • Шифрланған сигналдарды жазып алу мүмкін емес.
  • Жазып алуды келесі жағдайларда орындау мүмкін емес:
  • - ТД тіркелген USB HDD құрылғысын тани алмайды.
  • - USB HDD құрылғысында 1 000 -нан аса бағдарламалар жазып алынған.
  • - USB HDD құрылғысы толған.
  • USB HDD жазып алуын [СКАРТ ЖАЗУЫ қосулы] параметрі таңдалса орындау мүмкін емес.
  • Жазып алу кезінде бағдарламаны автоматты түрде таңдау мүмкін емес.
  • Бағдарламаға оператор рұқсат етпеген болса, жазып алу мүмкін емес.
  • Шартты кіру модулін (CAM) пайдаланып жатсаңыз, оның ата-аналық бағалау қорғанысын пайдаланбаңыз, ол жазып алу кезінде жұмыс істемеуі мүмкін. Балама ретінде, таратушы қолдау көрсетсе, бағдарламаны бұғаттауды немесе ТД өзінің ата-аналық бағалауын пайдаланыңыз.
  • Норвегияда кейбір бағдарламаларды заңды шектеулерге байланысты жазып алу мүмкін емес.
  • Егер USB HDD дискіне жазу кезінде ТД-ға әсер етілсе, жазылған мазмұнда шу пайда болуы мүмкін.
  • Ешбір жағдайда Sony компаниясы ТД ақаулығы, сигнал кедергісі немесе кез келген мәселе тудырған немесе сонымен байланысты жазып алу қатесіне немесе кез келген зақымға немесе жоғалтуға жауапты болмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Мазмұны
© 2014 Sony Corporation