Sony

BRAVIA

i-Manual

  • Қағазға басып шығару
  • Қаріп өлшемі
  • Негізгі әрекеттер
  • Бөліктердің сипаттамасы
  • ТД қарау
  • Фильмдер/Музыка/Фотосуреттер пайдалану
  • Интернет қызметтері мен бағ-ды пайдалану
  • Алыс және жақын достарыңызбен ТД көру
  • Басқа құрылғыларды пайдалану
  • BRAVIA Sync құрылғыларын пайдалану
  • Пайдалы функциялар
  • Интернетке қосылу
  • Үй желісін пайдалану
  • Әр түрлі параметрлерді теңшеу
  • Ақаулықтарды жою
  • Бетбелгілерді пайдалану әдісі
  • Бастапқы бет >
  • Әр түрлі параметрлерді теңшеу >
  • Әр түрлі дыбыс параметрлерін (төмен жиілік/жоғары жиілік/баланс) реттеу

Бастапқы бет > Әр түрлі параметрлерді теңшеу > Дыбыс параметрлері > Әр түрлі дыбыс параметрлерін (төмен жиілік/жоғары жиілік/баланс) реттеу

Әр түрлі дыбыс параметрлерін (төмен жиілік/жоғары жиілік/баланс) реттеу

Қадамдар

  1. HOME түймесін басып, [Реттеулер] тармағын таңдаңыз.

  2. [Дыбыс] → [Дыбыс] → қажетті опция тармағын таңдаңыз.

Қол жетімді опциялар

[Түпкі кірулер]
Ағымдағы кіріске немесе басқа кірістер ортақ пайдаланатын жалпы жадқа теңшелетін дыбыс параметрлерін қолданады.
[Дыбыс режимі]
[Стандартты]: Дыбыс сапасын жалпы санаттағы бағдарламалар үшін оңтайландырады.
[Фильм]: Кеңістікті дыбысты фильмдер үшін оңтайландырады.
[Спорт]: Стадион ішіндегідей шынайы дыбысты жеткізеді.
[Музыка]: Концерттегідей динамикалық және таза дыбысты сезінуге мүмкіндік береді.
[Ойын]: Жоғары дыбыс сапасын ұсына отырып, ойын ойнау тәжірибеңізді көбейтеді.
[Сығылған дыбыс]: Төмен бит жылдамдығымен сығымдалған дыбысты мазмұнның дыбыс сапасын жақсартады.
[Қоршау әсері]
Кеңістікті дыбыс әсерін реттейді.
Егер [Дыбыс режимі] [Фильм], [Спорт], [Музыка] немесе [Ойын] болып орнатылған болса, Sony жасақтаған кеңістіктегі дыбыс технологиясы кеістіктегі дыбыс өрісін шығарады.
[Автоматты айналадағы дыбыс]
ТД кіріс көзінен 5.1 кеңістікті дыбыс сигналын қабылдағанда автоматты түрде 5.1 кеңістікті дыбысын шығарады.
[Дыбыс күшейткіші]
[Қосулы]: Діріл/бассты жақсартып, динамикалық дыбысты жеткізеді.
[Өшірулі]: табиғи дыбысты береді.
[Эквалайзер]
Дыбысты белгілі бір жиіліктерге сай реттейді.
[Дыбыс деңгейін ұлғайту]
Дауысты немесе қоршаған дыбыстарды күшейтеді.
[Live Football Mode]
Тікелей стадионнан көріп отырған сияқты спорттық шара кезінде топ гуілін ерекшелеуіңізге болады.
[Қосулы]: топтың гуілін ерекшелейді.
[Өшірулі]: функцияны өшіреді.
Бұл функция қосылғанда [Дыбыс күшейткіші] және [Эквалайзер] басқа дыбыс параметрлері өшіріледі.
Арна өзгертілгенде, кіріс өзгертілгенде немесе ТД өшірілгенде бұл функция өшіріледі.
[Арт-н авто дыбыс деңгейі]
Бағдарлама немесе кіріс түріне қарай өзгеруі мүмкін дыбыс деңгейін автоматты түрде түзетеді.
[Өшірулі]: функцияны өшіреді.
[Қалыпты]: Қалыпты режим.
[Түн]: Түнгі уақытта бірқалыпты деңгейде қарауға қажетті динамикалық ауқымды сығымдайды.
[Дыбыс деңгейінің ауытқуы]
[Түпкі кірулер] қазіргі кіріске орнатылғанда, ағымдағы дыбыс деңгейін басқа кірістерге реттейді.
[Баланс]
Сол немесе оң дауыс зорайтқыштағы дыбысты ерекше шығарады.
[Ысыру]
Барлық енгізілген параметрлерді бастапқы мәндеріне қайтарады.

Беттің жоғарғы жағы

Мазмұны
© 2014 Sony Corporation