Sony

BRAVIA

i-Manual

  • Қағазға басып шығару
  • Қаріп өлшемі
  • Негізгі әрекеттер
  • Бөліктердің сипаттамасы
  • ТД қарау
  • Басқа құрылғыларды пайдалану
  • «BRAVIA» Sync құрылғыларын пайдалану
  • Пайдалы функциялар
  • Интернетті пайдалану
  • Үй желісін пайдалану
  • Әр түрлі параметрлерді теңшеу
  • Ақаулықтарды жою
  • Бетбелгілерді пайдалану әдісі
  • Бастапқы бет >
  • ТД қарау >
  • Бағдарламалар нұсқаулығын пайдалану

Бастапқы бет > Мазмұны > ТД қарау > Бағдарламалар нұсқаулығын пайдалану

Бағдарламалар нұсқаулығын пайдалану

Шолу

Таңдаулы бағдарламаларды және егжей-тегжейлі бағдарлама туралы ақпаратты тез таба аласыз. Сондай-ақ, бағдарламаларды жанры бойынша іздеуге, таңдаулы бағдарлаларды тіркеуге, т.б. болады. (Бұл функция тек сандық таратылымдар үшін қол жетімді және модельге/аймаққа/елге байланысты.)

Қадамдар

  1. Сандық бағдарламалар нұсқаулығын көрсету үшін GUIDE түймесін басыңыз.

  2. /// түймелерін пайдаланып көретін бағдарламаны таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.

Сандық бағдарламалар нұсқаулығын жабу үшін GUIDE түймесін басыңыз.

Бағдарламаларды жанры бойынша іздеу

OPTIONS түймесін басыңыз, [Бағдарлама жанрларының тізімі] тармағын, қалаған жанрды, содан кейін қалаған бағдарламаны таңдаңыз.

Таңдаулы арналарды тіркеу

Арналарды тіркеу үшін OPTIONS түймесін басыңыз, [Таңд орнату] пәрменін, қалаған санатты таңдаңыз, содан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Еске салғыштарды орнату

Келешек бағдарламалар үшін еске салғыштарды орната аласыз. Нұсқаулықта келешек бағдарламаны таңдағаннан кейін [Ескерту] пәрменін таңдаңыз.

Еске салғыштары орнатылған бағдарламаларды тізу үшін HOME түймешігін басып, [ТД] → [Жазулар]  → [Таймер тізімі] таңдаңыз.

(Бұл функция модельге/аймаққа/елге байланысты қол жетімді болмауы мүмкін.)

Сандық бағдарламалар нұсқаулығы экраны туралы

  1. Бейне терезесі
  2. Нұсқаулыққа кіргенге дейін соңғы көрген бағдарламаны* көрсетеді.
    * Аймаққа/елге байланысты көрсетілмеуі мүмкін.

  3. Санат

    Санатқа сай барлық арналарды қамтитын санат атауын (мысалы, [Нұсқ. сүйік-рі 1]) көрсетеді.

  4. Ақпараттық жолақ

    Бөлектелген бағдарлама туралы ақпаратты көрсетеді.

  5. Арна туралы ақпарат

    Таратушының арна тақырыбын және нөмірін көрсетеді.

  6. Бағдарламалар тізімі торы
  7. Көретін бағдарламаны таңдауға немесе еске салғыш* ретінде орнатуға мүмкіндік береді.
    * Еске салғыш ретінде орнатудың қол жетімділігі аймаққа/елге байланысты.

Беттің жоғарғы жағы

Мазмұны
© 2013 Sony Corporation