HDMI бейне сигналдарын шығаратын мониторларды ауыстыру (тек STR-DN1050 үшін)
Егер екі монитор HDMI OUT A және HDMI OUT B ұясына қосылса, осы екі монитор шығысын HDMI OUTPUT түймесі арқылы ауыстыруға болады.
- Ресиверді және екі мониторды қосыңыз.
- HDMI OUTPUT түймесін басыңыз.
Түймені басқан сайын шығыс келесідей қосылады:
HDMI A - HDMI B - HDMI A + B - HDMI OFF
Ескерту
- [HDMI A + B] функциясы HDMI OUT A ұясына қосылған мониторлардың үйлесімді бейне пішімдері және HDMI OUT B ресивер ұясы әр түрлі болған кезде жұмыс істемеуі мүмкін.
- [HDMI A + B] функциясы қосылған ойнату құрылғысына байланысты жұмыс істемеуі мүмкін.


