Sony

BRAVIA

i-Manual

  • Қағазға басып шығару
  • Қаріп өлшемі
  • Негізгі әрекеттер
  • Бөліктердің сипаттамасы
  • ТД қарау
  • Басқа құрылғыларды пайдалану
  • «BRAVIA» Sync құрылғыларын пайдалану
  • Пайдалы функциялар
  • Интернетті пайдалану
  • Үй желісін пайдалану
  • Әр түрлі параметрлерді теңшеу
  • Ақаулықтарды жою
  • Бетбелгілерді пайдалану әдісі
  • Бастапқы бет >
  • Үй желісін пайдалану >
  • Wi-Fi Direct функциясын пайдалану

Бастапқы бет > Мазмұны > Үй желісін пайдалану > Wi-Fi Direct функциясын пайдалану

Wi-Fi Direct функциясын пайдалану

Шолу

ТД-ды «DLNA Түрту контроллері» функциясын қолдайтын Wi-Fi Direct/Wi-Fi үйлесімді құрылғысына (мысалы, смартфон, ДК) тікелей қосуға болады. Құрылғыдағы фотосуреттер/музыка/бейнелер сияқты мазмұнды ТД-да ойнатуға болады. Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін сымсыз маршрутизатор (немесе кіру нүктесі) қажет емес.

Қадамдар

  1. HOME түймешігін басып, [Реттеулер] параметрін / түймешіктері арқылы таңдаңыз.

  2. / түймелерін пайдаланып [Желі] тармағына өтіңіз, содан кейін түймесін басыңыз.

  3. / түймелерін пайдаланып [Wi-Fi Direct] тармағын таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.

  4. / түймелерін пайдаланып [Қосулы] тармағын таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.

  5. / түймелерін пайдаланып [Wi-Fi Direct реттеулері] тармағын таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз.

  6. Wi-Fi Direct үйлесімді құрылғысы бар ТД атын ТД экранынан таңдаңыз.
    Wi-Fi үйлесімді құрылғы болған жағдайда, OPTIONS түймешігін басып, [Қолмен] дегенді таңдаңыз.

  7. ТД-ға қосылу үшін Wi-Fi Direct/Wi-Fi үйлесімді құрылғысын пайдаланыңыз.

  8. Wi-Fi Direct/Wi-Fi үйлесімді құрылғыдан ТД-ға мазмұн жіберіңіз.
    Мәліметтер алу үшін құрылғының нұсқаулығын қараңыз.

Егер қосылым орнатылмаса

Wi-Fi Direct орнатымдарына арналған күту режимінің экраны көрсетілгенде, OPTIONS түймешігін басып, [Қолмен] дегенді таңдаңыз.
Құрылғы WPS қолдаса, [WPS (Басу түймешігі)] параметрін таңдаңыз. Әйтпесе, [Басқа әдістер] параметрін таңдап, орнатуды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Басқа құрылғыға қосу үшін

Құрылғы қосу үшін жоғарыджа берілген қадамдарды орындаңыз. Бір уақытта 8 құрылғыға дейін жалғауға болады. 8 құрылғы әлдеқашан қосылған кезде басқа құрылғыны қосу үшін қажетсіз құрылғыны ажыратып, құрылғыны қосыңыз.

Жалғанған құрылғыда көрсетілген ТД атын өзгерту

HOME түймесін басып, [Реттеулер] → [Желі] → [Құрылғы атауы] пәрменін таңдаңыз.

Жалғанған құрылғыларды тіркеу/құрылғыларды тіркеуден шығару

Wi-Fi Direct орнатымдарына арналған күту режимінің экраны көрсетілгенде, OPTIONS түймешігін басып, [Жабдық тізімін көрсету / Өшіру] дегенді таңдаңыз.

Құрылғыны тіркеуден шығару үшін жою керек тізімде құрылғыны таңдаңыз, содан кейін түймесін басыңыз. Содан кейін, растау дисплейінде [Иә] пәрменін таңдаңыз.

Барлық құрылғыларды тіркеуден шығару үшін тізімде OPTIONS түймесін басыңыз, [Барлығын жою] пәрменін, содан кейін растау дисплейінде [Иә] пәрменін таңдаңыз.

Тізімнің сол жағындағы белгішелер келесіні көрсетеді.
  (ұяшық белгішесі): Қосылған құрылғылар
  (дисплей белгішесі): Экран көшірмесін көрсету мүмкіндігімен үйлесімді құрылғылар

Құрылғыны ТД-ға жалғауға әрекет жасағанда тілқатысу терезесін көрсету

Бұл функцияны белсендіру қажет емес құрылғыны жалғауды болдырмауға мүмкіндік береді.

Wi-Fi Direct орнатымдарына арналған күту режимінің экраны көрсетілгенде, OPTIONS түймешігін басып, [Тіркеу хабарламасы] дегенді таңдаңыз.

Құрылғыдан берілетін тіркеу сұрауынан бас тартқан кезде құрылғыны құрылғылар тізімінен жойылмайынша оны қоса алмайтыныңызды ескеріңіз.

Бас тартылған құрылғыны қосу үшін OPTIONS түймесін басып, [Жабдық тізімін көрсету / Өшіру] тармағын таңдаңыз да, бас тартқан құрылғыны жойыңыз. Құрылғымен жаңа қосылым орнатыңыз.

Ескертпелер

  • Егер ТД 5ГГц сымсыз маршрутизатормен (немесе кіру нүктесімен) USB сымсыз LAN адаптерімен жалғанса;
  • - [Wi-Fi Direct] параметрі [Қосулы] күйіне қойылған кезде 5ГГц байланыс ажырайды.
  • - [Wi-Fi Direct] параметрі [Өшірулі] күйіне қойылған кезде байланыс қайта орнайды.
  • Құрылғыларды жалғау мыналарға сай болуы керек:
  • - Wi-Fi Direct үйлесімді құрылғылар: 2,4ГГц қосылым (5ГГц-ке қолдау көрсетілмейді).
  • - Wi-Fi Direct қолдау көрсетілмейтін құрылғылар: IEEE802.11 g/n, 2,4ГГц қосылымы (5ГГц-ке қолдау көрсетілмейді).

Беттің жоғарғы жағы

Мазмұны
© 2013 Sony Corporation