Sony

BRAVIA

i-Manual

  • Қағазға басып шығару
  • Қаріп өлшемі
  • Негізгі әрекеттер
  • Бөліктердің сипаттамасы
  • ТД қарау
  • Басқа құрылғыларды пайдалану
  • «BRAVIA» Sync құрылғыларын пайдалану
  • Пайдалы функциялар
  • Интернетті пайдалану
  • Үй желісін пайдалану
  • Әр түрлі параметрлерді теңшеу
  • Ақаулықтарды жою
  • Бетбелгілерді пайдалану әдісі
  • Бастапқы бет >
  • Ақаулықтарды жою >
  • USB жазып алу белгілері

Бастапқы бет > Ақаулықтарды жою > USB жазып алу белгілері

USB жазып алу белгілері

  • USB HDD құрылғысын пайдалану мүмкін емес.
  • Жазып алуды орындау мүмкін емес/жазып алу орындалмады.
  • Жазып алынған мазмұн жоғалды.
  • Кідірту режимі кездейсоқ тоқтатылды.
  • USB HDD құрылғысы тіпті қосылмаған болса да жұмыс істейді.

USB HDD құрылғысын пайдалану мүмкін емес.

  • USB HDD құрылғының келесіге сай келетінін тексеріңіз:
  • - дұрыс жалғанғанын.
  • - қосылғанын.
  • - ТД-ға тіркелгенін.
  • USB HDD құрылғысын USB хаб арқылы қосуға қолдау көрсетілмейді.
  • USB HDD құрылғы сипаттамаларының талапқа сай екендігін тексеру үшін [HDD өнімділігін тексеру] орындаңыз.

Жазып алуды орындау мүмкін емес/жазып алу орындалмады.

  • HDD құрылғыдағы қалған орынды тексеріңіз. Аз орын қалған болса, қажеті жоқ деректерді өшіріңіз.
  • Келесі бағдарламаларды жазу мүмкін болмайды.
  • - Көшіруге қарсы қорғанысы бар бағдарламалар
  • - Аналогтық бағдарламалар
  • - Сыртқы кірістерден алынған бағдарламалар (жалғанған қабылдағыштан келетн бағдарламаларды қоса)
  • - Кең жолақты байланысты қажет ететін бейнефильмдер
  • Бағдарламаның таратылу уақыты өзгерген болса, таймер көмегімен жазу мүмкіндігі болмайды.

Жазып алынған мазмұн жоғалды.

  • Айнымалы ток қуат сымы немесе жалғағыш кабель жазу барысында ажыратылған болса, жазу әрекетін орындау мүмкін болмайды. Жазу барысында ешбір кабельді суырмаңыз. Әйтпесе, жазылып жатқан деректер немесе барлық жазылып болған деректер жоғалуы мүмкін.

Кідірту режимі кездейсоқ тоқтатылды.

  • Пульттегі келесі түймешіктер басылған болса кідірту режимі істемейді және уақытша жазылған деректер жойылады.
    , RETURN, GUIDE, i-MANUAL, HOME, PROG +/-, , сандық түймешіктер.

USB HDD құрылғысы тіпті қосылмаған болса да жұмыс істейді.

  • ТД күту режимінде EPG деректерін алып жатқан кезде, жалғанған USB HDD құрылғы айналып тұруы немесе құрылғының LED индикаторы жануы мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Мазмұны
© 2013 Sony Corporation