Sony

BRAVIA

i-Manual

  • Қағазға басып шығару
  • Қаріп өлшемі
  • Негізгі әрекеттер
  • Бөліктердің сипаттамасы
  • ТД қарау
  • Басқа құрылғыларды пайдалану
  • «BRAVIA» Sync құрылғыларын пайдалану
  • Пайдалы функциялар
  • Интернетті пайдалану
  • Үй желісін пайдалану
  • Әр түрлі параметрлерді теңшеу
  • Ақаулықтарды жою
  • Бетбелгілерді пайдалану әдісі
  • Бастапқы бет >
  • ТД қарау >
  • Экран пішімі/кең режим

Бастапқы бет > ТД қарау > Дисплейді/аудионы өзгерту > Экран пішімі/кең режим

Экран пішімі/кең режим

Қадамдар

Қалаған опцияны таңдау үшін түймесін қайта-қайта басып, түймесін басыңыз.

Қол жетімді опциялар (4:3 бастапқы көз)

[Кең ұлғайту]
Бастапқы суретті мүмкіндігінше сақтай отырып, суретті 16:9 экранын толтыратындай үлкейтеді.
[Қалыпты]
4:3 суретті бастапқы өлшемінде көрсетеді. 16:9 экранын толтыру үшін бүйірлік жолақтар көрсетіледі.
[Толық]
4:3 суретін 16:9 экранын толтыру үшін көлденеңінен созады.
[Ұлғайту]
4:3 хатқалта пішіміне түрлендірілген 16:9 суретті дұрыс арақатынаспен көрсетеді.
[14:9]
14:9 суретін бастапқы өлшемде көрсетеді. 16:9 экранын толтыру үшін бүйірлік жолақтар көрсетіледі. (Бұл опция аймаққа/елге байланысты қол жетімді.)
[Атау]
Экранда жазбаларды қиыстырғанда, суретті көлденеңінен 16:9 экранын толтыратындай созады.

Егер компоненттік кіріс (480p) таңдалса және [Көріністі таңдау] [Ойын] немесе [Графикалар] режиміне орнатылса, қол жетімді опциялар [Жақсы-қалыпты]/[Жақсы-толық]/[Тас-н ойын 1]/[Тас-н ойын 2] деп өзгереді.

[Жақсы-қалыпты]
4:3 суретті бастапқы өлшемінде көрсетеді. 16:9 экранын толтыру үшін бүйірлік жолақтар көрсетіледі.
[Жақсы-толық]
4:3 суретін 16:9 экранын толтыру үшін көлденеңінен созады.
[Тас-н ойын 1]
PlayStation®Portable қара жақтаулы ойын суретін созады.
[Тас-н ойын 2]
PlayStation®Portable бағдарламасынан қара жақтаулы суретті (мысалы, браузерді) созады.

Қол жетімді опциялар (16:9 бастапқы көз)

[Кең ұлғайту]
Бастапқы суретті мүмкіндігінше сақтай отырып ұлғайтады.
[Қалыпты]
16:9 өлшеміне көлденең созылған 4:3 суретті 4:3 пішімде көрсетеді.
[Толық]
16:9 суретін бастапқы өлшеммен көрсетеді.
[Ұлғайту]
4:3 хатқалта пішіміне түрлендірілген 16:9 суретті дұрыс арақатынаспен көрсетеді.
[Атау]
Экрандағы тақырыптарға сәйкестендіре отырып, суретті көлденең созады.

Қол жетімді опциялар (4K (4096×2160) бастапқы сурет)

[Қалыпты]
4K (4096×2160) суретін 16:9 (3840×2160) пішімінде көрсетеді. Жолақтар экранның жоғарғы және төменгі жақтарында пайда болады.
[Толық]
16:9 (3840×2160) экранын толтыру үшін көлденеңінен қысылған суретті көрсетеді.
[Ұлғайту]
4K (4096×2160) суретін бастапқы өлшеммен көрсетеді.

Қол жетімді опциялар (Компьютер синхронизациясы)

Беттің жоғарғы жағы

Мазмұны
© 2013 Sony Corporation